Введите номер документа
Прайс-лист

«Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 999 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 30 июля 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 3 июня 2022

«Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 999 Қаулысы

(2022.03.06. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 178-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні мәдениет саласында ғылыми-зерттеу, жобалық және әдістемелік жұмыс, біліктілікті арттыру мен редакциялық-баспа қызметі болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;

2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 шілдедегі

№ 999 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом