Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 26 июня 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 февраля 2016

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ережесінің 14-тармағы 43-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігінің Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаменті (Д.А. Турушова) және Заң басқармасы (Қ.А. Құлмағамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Әкімжановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық

icтері агенттігінің төрағасы

 

 

 

С. Нокин

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрі

 

А. Жұмағалиев

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом