«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1202 Қаулысы
(2013.25.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 656 Қаулысымен күші жойылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1202 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
2012 - 2022 жылдарға арналған даму
стратегиясы
Мазмұны
Кіріспе
1. Ағымдағы ахуалды талдау
2. Миссиясы, пайымы және қызметінің қағидаттары
3. Дамудың стратегиялық бағыттары
Кіріспе
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын қосу жолымен құрылған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады.