«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1265 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1265 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет:
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 6-бабының;
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысының;