Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1450 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 15 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 января 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1450 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:

18-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«18. Күрделі техникалық сипаттамалары және ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді осы Ережеде айқындалған тәртіппен заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінен (консорциумдардан) сатып алады. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциумдар) қатысқан жағдайда, онда аталған консорциумның қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:»;

163-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом