Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1554 Қаулысы
(2014.19.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1352 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі
қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
| Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызмет түріне арналған жалпы талаптар мен құжаттар |