Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2007.27.07 № 372 ЖАРЛЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының
мәртебесі мен өкілеттіктері туралы

(2010.01.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-1, 22, 23 және 24-баптарына сәйкес және әкімшілік реформаны одан әрі жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында орталық атқарушы органның аппаратын басқаратын жауапты хатшы лауазымы енгізілсін.

2. Жауапты хатшы:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Республика Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, ерекше мәртебеге ие мемлекеттік саяси қызметші болып табылады;

2) лауазымына қарай министрдің бірінші орынбасарына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін агенттік төрағасының бірінші орынбасарына) теңестіріледі;

3) лауазымы бойынша:

Республика Президентіне, Республика Премьер-Министріне және тиісті орталық атқарушы органның басшысына есеп беретін;

оның қазметіне бақылауды Мемлекет басшысы не оның уәкілеттік беруі бойынша Республика Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Республика Премьер-Министрі және тиісті орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асыратын тұлға болып табылады;

4) Үкімет, орталық атқарушы органның басшысы отставкаға шыққан жағдайда өзінің өкілеттіктерін тоқтатпайды деп белгіленсін.

3. Жауапты хатшының өкілеттіктері бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Республика Үкіметімен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, екі ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде, оның ішінде Республика Президентінің, Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом