Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2013 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Құпия.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат):
аталған Жарлыққа 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруы тиіс лауазымдар тізбесі
| Президент Күзет қызметінің бастығы | - генерал-лейтенант |
| Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Президент қауіпсіздік қызметінің бастығы | - генерал-майор |
| Күзет қызметі бастығының орынбасары | - генерал-майор»; |