«Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 361 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 512 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға |
Волков Алексей Юрьевич | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Жолшоринов Айбек Айтмағанбетұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы, хатшы |
Исетов Арман Асқарұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры |
Сембаев Ерболат Нәсенұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры; |
мына:
«Жақсылықов Тимур Мекешұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жақсылықов Тимур Мекешұлы | - | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрінің міндетін атқарушы»; |
көрсетілген құрамнан Ержан Хозеұлы Қазыханов, Қайрат Ермекұлы Омаров, Зүлфия Алтайқызы Аманжолова, Барлыбай Кәрімұлы Садықов, Жандос Алмасұлы Рысқұлов шығарылсын;