Введите номер документа
Прайс-лист

Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген) (2017.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 17 мая 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 декабря 2018

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2017.07.04. № 181 Қаулысымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 17 мамырдағы

№ 499 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің

үлгілік қағидалары

(2017.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Жоғары білім жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, зерттеу университеттерінде, университеттерде, академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) алынады.

3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті - ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары білімі бар кадрларды даярлау.

4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен олардың негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі - ӘАОО) өз қызметін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары бекітетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом