Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.31.08 № 1130 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2013 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 31 тамыздағы

№ 1130 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07, факс: 24-47-94.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 11) тармақшасы, «Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 70 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Комитеттің www.comprom.kz  интернет-ресурсында орналасады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру не қызмет көрсетуді қағаз жеткізгіште ұсынудан дәлелді бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушыларға) көрсетіледі.

7. Комитетте мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) рұқсат беру - осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей;

2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) тұтынушыға жүгінген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом