«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу турал
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 619 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 619 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 519 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі - сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің құрамы
5. Кеңестердің құрамы үш жыл мерзімге бекітіледі және мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс.