Введите номер документа
Прайс-лист

«Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығы (2024.28.02. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 24 июня 2013
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 28 февраля 2024

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы

(2024.28.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Президентінің 2024.28.02. № 491 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін.

2. Жергілікті атқарушы органдар үш ай ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиялары туралы ережені қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес бекітсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 24-і.

 

№ 589

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 24 маусымдағы

№ 589 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы

ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ

 

 

ҚР Президентінің 2024.28.02. № 491 Жарлығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Президентінің 2024.28.02. № 491 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. _______________________________________________________________________

(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия (бұдан әрі - терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Терроризмге қарсы комиссия Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін ___________

______________________________________________________________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом