Қазақстан Республикасының
Заңы
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
(2013.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) әскерге шақыру жасына дейінгілер - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
3) әскерге шақыруды кейінге қалдыру - осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;