Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.01 № 71 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 Қаулысы

(2013.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 428 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 428 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 428 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 30 қаңтардағы

№ 71 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану
қағидалары мен шарттары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаларға және/немесе концессионерлерге пайдалануға берілген Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом