Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 947 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 12 сентября 2013
Статус
Действующийвведен в действие с 12 сентября 2013
Дата последнего изменениячетверг, 12 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 947 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесін оған қосу жолымен;

2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін оларға қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

2-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі алынып тасталсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 12 қыркүйектегі

№ 947 қаулысына

қосымша

 

 

Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Салық комитетінің аумақтық

органдары - мемлекеттік  мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз

борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің

тізбесi

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом