Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 12 АҚПАНДАҒЫ № 227 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Жол саласын реформалау мәселелері
 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 12 ақпандағы № 227 Қаулысы

(2000.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық органдары «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының филиалдары мүлкiнiң негiзiнде (2-қосымшаға сәйкес) олардың қызмет етуi үшiн қажетті 280 адам санының лимитiмен мемлекеттік мекемелер құрылсын.

2. ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен алынып тасталды

3. «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау болып белгiленсiн.

6. Кәсіпорын «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының борыштары бойынша құқықтық мұрагер болып белгіленсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом