Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 Қаулысы
(2013.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті;
3) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып;
4) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 32 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 32 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне берілсін.