«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1548 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1548 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
1. Бағдарлама паспорты
| Бағдарламаның атауы | Жұмыспен қамту 2020 жол картасы |
| Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы |
| Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |