Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 31 декабря 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 октября 2015

«Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 304-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.

2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiн (бұдан әрі - бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мұнай шикiзатына орташа нарық бағасы туралы деректер берсiн.

2-3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын;

2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом