Сақтандыру қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы
(2013.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-тарау. Жалпы ережелер
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінiң қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен бап 3 тармақпен толықтырылды
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар