Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 Қаулысы
(2013.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 наурызда және 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2) және 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1399 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1399 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) «Техникалық байқау операторлары тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және өзге де экипаждарының мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;