Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 441 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавоскресенье, 4 мая 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 441 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті;

3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

2) акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестеріне) иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне берілетін заңды тұлғалар тізбесі бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 мамырдағы

№ 441 қаулысына

қосымша

 

 

Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом