Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 Қаулысы
(2012.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 831 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 831 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.12. № 1551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1386 қаулысына
қосымша
Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің
құрамы
| Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары |
| Тулеушин Қаныш Аманбайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы |
| Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі; |
| Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi |