Введите номер документа
Прайс-лист

«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 мая 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 сентября 2015

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 674 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 30 мамырдағы

№ 586 қаулысымен бекітілген

 


«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) кеңсе немесе www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

3) www.egov.kz  «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом