Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығы (2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапонедельник, 5 мая 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 19 мая 2025

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығы

(2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.04.01. № 4 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8) тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.04.01. № 4 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы - Армия орталық спорт клубының бастығы:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» мемлекеттік республикалық кәсіпорынының ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Ә. Жасұзақовқа жүктелсін.

4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом