Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.31.12 № 2320 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2320 Қаулысы

(2010.12.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 395 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік-Шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемелері «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.

3. Мекеме қызметінің негізгі мәні:

1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасында жабайы жануарлар ауруларының эпизоотия мониторингі

3) Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом