Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 240 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жастар ісі жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына:
мына:
| Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға |
енгізілсін;
| «Орсариев Арын Амангелдіұлы | - «Астана қаласының Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры»; |
деген жол алынып тасталсын;
мына:
| «Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| «Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, хатшы»; |