Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 Қаулысы
(2016.15.12. берілген толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 358 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2016.20.01. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.15.12. № 810 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 1107 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық
мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың
тізбесі