Введите номер документа
Прайс-лист

«Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630 бірлескен бұйрығы (2021.27.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 22 сентября 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 июля 2023

Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630 бірлескен бұйрығы

(2021.27.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті (А.Х. Баймурзин) заңда белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

 

 

А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

 

Т. Дүйсенова

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом