«Ашық бюджеттер интернет- порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 328 бұйрығы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12803 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларында:
3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын барлық өзге ұғымдар мен қысқартулар Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінде (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы және «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы заңдарында көрсетілген мағынада пайдаланылады.