Введите номер документа
Прайс-лист

«Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 554 Қаулысы (2024.31.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 12 июля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июля 2023
Дата последнего изменениясуббота, 31 августа 2024

Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 554 Қаулысы

(2024.31.08. берілген өзгерістермен)

 

«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 12 шілдедегі

№ 554 қаулысымен

бекітілген

 

 

Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) арқылы жаппай өткен кезде пана іздеген адамдарды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру мақсатында шекара маңындағы облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) ішкі істер, азаматтық қорғау, денсаулық сақтау және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне уақытша қоныстандыру пункттерін айқындау жөнінде ұсыныс енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2024.15.08. № 655 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом