Введите номер документа
Прайс-лист

«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 596 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 12 декабря 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 24 декабря 2019
Дата последнего изменениячетверг, 12 декабря 2019

 «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 596 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 27347 (269-273) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі Ережеде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палата осы Ережеде көзделген тәртіппен, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолданады.

Жекеше нотариустың нотариаттық палатадағы мүшелігі тоқтатыла тұрған жағдайда, аумақтық нотариаттық палата нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа жекеше нотариусқа беру жөнінде шаралар қабылдайды.

Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап он жұмыс күні мерзімде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолданады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом