Введите номер документа
Прайс-лист

«Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 24 қазандағы № 495-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 24 октября 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 11 ноября 2024
Дата последнего изменениячетверг, 24 октября 2024

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 24 қазандағы № 495-НҚ бұйрығы

 

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. «Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16810 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрінің

міндетін атқарушы

 

 

К. Искаков

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом