Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЛАНЫҢ ТУУ ТЕГІН АНЫҚТАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ІСТЕРДІ ҚАРА...

Информация о документе
Датачетверг, 29 ноября 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 29 ноября 2018

Баланың туу тегін анықтауға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 16 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Баланың туу тегіне байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.

1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған баланың туу тегі ата-аналар мен баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы үшін негіз болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 46-бабының 2-тармағы)).

Баланың әкесі (анасы) болу мәселелері бойынша дау туындаған жағдайда, баланың туу тегі туралы, атап айтқанда, әке болуды анықтау; әке (ана) болуды даулау және баланың тууы туралы акт жазбасынан баланың әкесі (анасы) туралы мәліметтерді алып тастау туралы дауларды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 14-тарауының талаптарын сақтай отырып, талап қою ісін жүргізу тәртібімен аудандық (қалалық) сот және оларға теңестірілген соттар (бұдан әрі - аудандық сот) шешеді.

Баланың туу тегі туралы, баланы нақты осы әйел туған фактісін анықтау, әке болуды тану фактісін немесе әке болу фактісін анықтау туралы мәселені АПК-нің 32-тарауында белгіленген қағидалар бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен аудандық сот шешеді.

2. Балалардың туу тегін анықтауға байланысты дауларды бала туғаннан кейін ғана сот шеше алатынын соттардың ескергені жөн.

Егер баланың туу тегін анықтауға байланысты талап қою арызы бала туғанға дейін берілген жағдайда (мысалы, әке болуды даулау туралы), судья АПК-нің 151-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының негізінде оны қабылдаудан бас тартады. Мұндай бас тарту сотқа бала туғаннан кейін аталған арызбен қайта жүгінуге кедергі болмайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом