Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 131 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 16 марта 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 4 апреля 2022
Дата последнего изменениясреда, 16 марта 2022

 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 131 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

«36-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;»;

мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:

«71-1) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 89-1) тармақшамен толықтырылсын:

«89-1) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом