Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЫЙАҚЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТИІМДІ МӨЛШЕРЛЕМЕСІНІҢ ШЕКТІ МӨЛШЕ...

Информация о документе
Датапонедельник, 24 декабря 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 24 декабря 2012

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына және «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 1-тармағына сәйкес және екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктер беретін банк қарыздары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақының мөлшерлемелерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктер беретін банк қарыздары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесі 56 (елу алты) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты, кредиттік шартты жасау, банк қарызын, микрокредитті немесе кредитті берумен және қызмет көрсетумен байланысты сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 19 мамырда № 68 (1884), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актіле жинағында 2011 жылғы 22 қарашада № 23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және микрокредиттік ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

 

 

 

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом