Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
(2014.31.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) осы Жарлықтан туындайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауды;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 24-і.
№ 181
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының іргелес жерінде орналасқан.
АЭА-ның аумағы 534,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. АЭА:
1) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;