Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ТУР...

Информация о документе
Датасреда, 28 апреля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 28 апреля 2021

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 Қаулысы

(2021.28.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Мыналар:

1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету;

2-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады

2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

ҚР Үкіметінің 2020.03.07. № 421 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қоғам жанынан осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда Сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) құрылсын.

5. Қоса беріліп отырған Сараптама кеңесі туралы ереже бекітілсін.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын әзірлеуді және бекітуді, оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом