Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдарын және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі Конституциялық Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 115-ө өкімі

Информация о документе
Датасреда, 26 июля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 26 июля 2023
Дата последнего изменениясреда, 26 июля 2023

Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдарын және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі Конституциялық Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 115-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған қабылдануы Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдармен және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі Конституциялық Заңмен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;

3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпарат орналастырып тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісіне орналастырып тұрсын.

 

 

Премьер-Министр

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң

2023 жылғы 26 шілдедегі

№ 115-ө өкiмiмен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом