Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.04.02 № 82 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

3. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Кәсіпорын қызметінің мәні:

1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясы;

2) Қазақстан Республикасындағы_жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі;

3) Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу;

4) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқаудан өткізу, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылау;

5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг, референция;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом