«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 805 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20) және 18-21) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
18-2) «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыруды қамтамасыз ету;
18-3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;
18-4) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
18-5) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
18-6) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысу;
18-7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
18-8) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
18-9) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыру;