Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы (2024.21.11. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 13 апреля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 13 апреля 2022
Дата последнего изменениячетверг, 21 ноября 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы

(2024.21.11. берілген өзгерістермен)

 

Мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бюрократиядан арылтудың мынадай қағидаттары айқындалсын:

1) мәннің нысаннан басымдығы - нәтижеге қол жеткізу бойынша жұмыс нысанынан нақты және өлшенетін нәтиженің басым болуы;

2) бастапқы бойынша цифрландыру - мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы;

3) басқарушылық жауапкершілік - нақты басшының құзыреті аясына кіретін шешімдерді қабылдау мен мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге жол берілмейтіні;

4) үздіксіз жетілдіру - мемлекеттік аппараттың бюрократияны қысқартуға, жүйелі реинжинирингке және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруға ынталандыратын ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау;

5) регламенттеудің оңтайлылығы - мемлекеттік органдардың қызметтерін регламенттеудің оңтайлы қажетті деңгейін белгілеу, жеткілікті түрде негізделмеген жаңа бюрократиялық талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзекті сын-қатерлерге,

форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою үшін құзыреттерін, функциялары мен өкілеттіктерін заңнамалық деңгейде артық (шамадан тыс) нақтыламай, жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығын мемлекеттік органдарға беруді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік тіркеусіз қабылдаудың ерекше тәртібін енгізуді қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом