Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 Қаулысы
(2025.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.22.12. № 93 Қаулысымен (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 96 Қаулысымен (2024 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.02. № 10 Қаулысымен (2024 ж. 19 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 10 қаулысымен
бекітілді
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру
қағидалары
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 202 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер