Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы
(2025.13.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.16.08. № 56 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2024.29.11. № 105 бұйрығымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025.26.06. № 58 бұйрығымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;