Введите номер документа
Прайс-лист

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген) (2018.25.08. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 19 апреля 2016
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2020

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен қағидамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 19 сәуірдегі

№ 234 қаулысымен

бекітілген

 ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

қағидалары

(2018.25.08. берілген толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Ішінара кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

2. Микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша кепілдік беру «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында жасалған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша кепілдік беру туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган аударады. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

 

 

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

 

4. Осы Ішінара кепілдік беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында микроқаржы ұйымының банктік қарыз шартының негізінде банк беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом