Қазақстан Республикасының
Заңы
Рұқсаттар және хабарламалар туралы
(2015.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 2 тамыздағы № 343-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2015 жылғы 28 қазандағы № 366-V ҚР Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 391-V Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы № 408-V Заңын қараңыз (2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2015 жылғы 24 қарашадағы № 421-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар