Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 322 бұйрығы
(2025.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.09.10. № 1009 бұйрығымен (2023 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.09. № 1275 бұйрығымен (2025 ж. 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.09.10. № 1009 бұйрығымен (2023 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.09. № 1275 бұйрығымен (2025 ж. 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстау қағидалары бекiтілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 366 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15526 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;