Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 Қаулысы
(2025.14.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 628 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне
енгізілетін өзгерістер