«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 142 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 18 наурыздағы
№ 142 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;